скрипт для АДГС

Стиль для галереи

You are here

Департаменттің қызметі туралы

2016 жыл қорытындысы бойынша Департаменттің қызметі туралы ақпарат
МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР САПАСЫН БАҚЫЛАУ БАҒЫТЫ БОЙЫНША
2016 жылдың жұмыс жоспармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу, тексерулер ұйымдастыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу, стандарт және регламент нормаларының заңнамаға қайшы келу фактілерін анықтау, сондай-ақ «жасырын» мемлекетік қызметтерді табу сияқты т.б. іс-шаралар көзделген. Бұдан басқа, аймақтағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға жергілікті атқарушы органдарды тарту мақсатында Департамент бастамасымен Атырау облысы әкімдігімен бірлескен іс-шаралар жоспары да бекітілді.
Аталған құжатта, Департаменттің жылдық жоспарындағы шаралардан бөлек, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына ішкі бақылау жұмыстарын күшейту сияқты жергілікті атқарушы органдарға тиесілі басқа да бірқатар іс-шаралар көзделген.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын бағалау шеңберінде жүргізілген қайта тексеру шаралары Агенттіктің тиісті тапсырмасын орындау мақсатында бірқатар жергілікті атқарушы және мемлекеттік органдардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына ішкі бақылау нәтижесі бойынша ұсынылған есептік ақпараттарында көрсетілген мәліметтері қайта тексерілді.
Қайта тексеру шараларымен 26 мемлекеттік орган (оның ішінде, 6-орталық мемлекеттік органдардың жергілікті бөлімшелері, 4-Атырау қалалық жергілікті атқарушы органдар, 16-аудандық жергілікті атқарушы органдар) қамтылды. Қайта тексерумен келесілер анықталды:
• 623 мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мерзімдерінің бұзылу фактісі (оның ішінде, 619-ы әкімдіктермен);
• мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саны бойынша 270 сәйкессіздік фактісі (оның ішінде, 174-і әкімдіктермен).
Мерзімдердің бұзылу фактілері анықталған мемлекеттік органдар өздерінің алдыңғы уақытта жолданған есептік ақпараттарында мерзімдер бұзылмаған деп көрсеткенін ескеру қажет. Аталған заңбұзушылықтардың себептері мен жағдайларын талдау нәтижесі мемлекеттік қызметшілердің (әсіресе аудандар мен ауылдық округтерде) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманың білу деңгейі төмен екендігін көрсетті. Бұдан басқа, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына ішкі бақылау жұмыстары да төмен дәрежеде жүргізілетіні анықталды.
Мемлекеттік органдар «ішкі бақылау» деген ұғымды тек есептік ақпаратты әзірлеп жолдаумен ғана шектеліп, қайта тексеру, талдау, мониторингтеу сияқты бағыттармен айналыспайды. Тағы бір ерекше назар аударатын мәселе - мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына ішкі бақылау жұмыстарын жүргізу жөніндегі міндет мемлекеттік қызметтерді көрсетумен айналысатын қызметшілерге жүктелуі. Әсіресе, аудандық деңгейдегі дербес бөлімдерде осы тәжірибе кеңінен қолданылуда.
Мемлекеттік қызметтерді көрсетумен айналысатын қызметшілер есептік ақпарат жолдау шеңберінде, субъективтік фактордың ескерілуімен, өз жұмыстарындағы кемшіліктерді көрсетпеуге қатысты тәуекел туындайды. Осы мәселені шешу үшін облыс әкімдігіне Департаментпен ұсыныс жолданып қазіргі таңда тиісті жұмыстар атқарылуда. Заңнаманы түсіндіру жұмыстары 2016 жылы Департаментпен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған барлығы 26 шаралар өткізілді.
Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманың білу деңгейі төмен екендігін ескеріп, сондай-ақ бекітілген жұмыс жоспарын іске асыру мақсатында ағымдағы жылдың 10-18 наурыз және 14-18 қараша аралығында Департамент басшылығының бастауымен облыстағы аудандарда заңнаманы түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды. 2016 жылы облыс көлеміндегі 7 ауданда екі рет семинарлар өткізілді. Семинарлар барысында аудан әкімдері, ХҚКО мен БАҚ өкілдері, сондай-ақ функционалдық міндеттеріне мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселесі кіретін мемлекеттік қызметшілер қатысты. Департаменттің бірінші басшысының және аудан әкімдерінің қатысуымен жүргізілген іс-шарада мемлекеттік қызметшілер тарапынан тәжірибеде жиі кездесетін көптеген сұрақтар мен ұсыныстар талқылауға ұсынылды. Сонымен қатар, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында 2016 жылдың 22 сәуірі күні Әділет департаментінде семинар кеңес өткізілді.
Осыған орай, 2016 жылдың 19 мамырында Департамент Атырау облысы кәсіпкерлік палатасымен бірлесіп Жылыой ауданының кәсіпкерлерімен кездесу семинарын өткізді. Кездесу барысында кәсіпкерлерге «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының нормалары қызмет алушылардың құқықтары және қызмет берушінің құқықтары мен міндеттері түсіндірілді.
2016 жылдың 16 маусымы күні Атырау қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтардың хал актілерін тіркеу бөлімінде Департамент қызметкерлерінің қатысуымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 2016 жылдың 27 маусымында халық арасында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің нормаларын түсіндіру мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясымен бірлескен «Сапалы қызмет» шарасы өткізілді. Шара барысында қызмет алушылар арасында сауалнамалар жүргізіліп қызмет алушылардың құқықтары туралы буклеттер таратылды.
Шара соңында Департамент қызметкерлерімен «Азаматтарға арналған үкімет» корпорация қызметкерлерінің арасында дөңгелек үстел өтті. Аталған дөңгелек үстелде проблемалық мәселелер талқыланып мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында іс-шаралар жоспарын бекіту туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар, Агенттіктің тапсырмасына сәйкес Департамент пен «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы арасында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің оның ішінде «электрондық үкімет» порталы арқылы көрсетілетін қызметтердің тәртібі туралы ақпаратты арттыруға арналған бірлескен медиа-план жасақталды. Сондай-ақ кездесу барысында кәсіпкерлер Департамент қызметкерлеріне көкейінде жүрген сұрақтарын қойып оларға толықтай жауап ала алды. Сондай-ақ есептік кезеңнің 27 маусымында Департамент пен «ҚазАвтоЖол» АҚ-ның Атырау облысы бойынша филиалы арасында мемлекеттік қызмет сапасын арттыру бойынша бірлескен іс-шаралар жоспары бекітілді. Іс-шаралар жоспарында аталған мекеме қызметкерлеріне «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының нормаларын түсіндіру, бірлескен қайта тексеріс жұмыстарын жүргізу сияқты т.б. шаралар көзделген. Осыған байланысты, 30 маусымда «ҚазАвтоЖол» АҚ-ның Атырау облысы бойынша филиалында Департамент қызметкерлерімен семинар сабақтар өткізілді. Семинар барысында қызметкерлерге «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының нормалары түсіндіріліп, соңында мекеме қызметкерлері өз сұрақтарына толық қанды жауаптарын алды. Бұдан бөлек, Департаментпен мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу процестері туралы тұрғындарды ақпараттандыру мақсатында облыс көлеміндегі ХҚКО-ында баршаға көрінетіндей орындарда (стентдтерге) инфографикалық суреттер орналастырылды. Сонымен қатар, «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясымен бірлесіп жасалған іс-шаралар жоспары шеңберінде «Повышения качества оказания государственных услуг» и «Детализация проблемных моментов и пути оптимизации государственных услуг в сфере земельных отношений» атты тақырыпта семинарлар және дөңгелек үстелдер ұйымдастырылып өткізілді. Бұған қоса, 2016 жылы Департаментпен қызмет берушілердің, ХҚКО-ның және әкімдіктердің жауапты құрылымдық бөлімшелерінің өкілдерінің қатысуымен азаматтарды қабылдау өткізілді. Азаматтарды қабылдаудың негізгі мақсаты, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы проблемалық мәселелерді анықтау, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді біріздендіру және жетілдіру бойынша қызмет алушылардың ұсыныстарын ескеру және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру болып табылады. 2016 жылдың 10 тамызы күні қалалық әкімдіктің ғимаратында «Бірінші сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа орталығы» РҚБ-нің қатысуымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру бойынша жиналыс өткізілді. Аталған жиналысқа Ішкі істер департаментінің, Мемлекеттік кірістер департаментінің, Әділет департаментінің және жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімдерінің басшылары сондай-ақ, БАҚ-тың өкілдері қатысты. Нәтижесінде, Департамент қызметкерлерінің ықпалымен арызданушы Г.Хамитоваға заң бойынша тиесілі жер учаскесі берілді. Алайда, аталған мәселеге жауапты тұлғалардаң тексеріс тағайындалғанға дейін жұмыстан өз еркімен босатылуына байласнысты өтініш бойынша шара қабылдау мүмкін болмады. Осыған қарамастан, аталған мәселе Атырау қаласы әкімінің қатысуымен Атырау облысының Әдеп жөніндегі кеңесінде қаралып, нәтижесінде алдағы уақытта әкімшілік кедергілерге жол бермеу жөніндегі ұсыныс берілді. «Жасырын» мемлекеттік қызметтерді анықтау Бүгінгі күнге дейін бірқатар мемлекеттік функциялар «мемлекеттік көрсетілетін қызмет» ретінде танылмай, тиісінше стандартталмай жатыр. Бұл дегеніміз, мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру барысында сыбайлас жемқорлық құбылыстарының пайда болуына әкеліп соғуы мүмкін. Осыған байланысты, Департаментпен стандартталмаған және регламенттелмеген мемлекеттік фунцияларды анықтау бойынша тұрақты түрде жұмыстар атқарылуда. 2016 жылы 12 «жасырын» мемлекеттік қызмет анықталды.
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ПРОФИЛАКТИКАСЫ БАҒЫТЫ БОЙЫНША 
Департаментпен жылдық жоспар және кесте бекітіліп, сондай-ақ Атырау облысы әкімімен бірлескен алдын алу шараларын жүзеге асыру бойынша бірлескен жоспарлар бекітілді. Сондай-ақ, ҚР ҰКП «Атамекен» 2016 арналған ақпараттық-алдын алу және аналитикалық шараларды өткізу жөнінде бірлескен жоспарға қол қойылды. Нәтижесінде 2016 жылда 27 мыңнан астам адамдарды қамтыған 1 264 шаралар өткізіліп, өткен жылмен салыстырғанда 2,5 есе арқанын көруге болады. (өткен жылы 519 шара өткізілді) Шаралардың ұлғаюының бірден-бір себебі, өткізілген шаралар барысында мемлекеттік мекемелердің басшылырына өз ұжымында түсіндіру шаралары жиі өткізілуі қажет екендігі ескертілгендіктен. Осыған орай, бастамашылдық шаралар осы жылы 20%-ға ұлғайды. (2016 ж.33,7%, 2015 жылы 13,7%) Есептік кезеңде барлық оқу орындары, мемлекеттік органдар және азаматтық қоғам қамтылғанын ескеру қажет. Департаментпен барлық жалпы білім беру және мектепке дейінгі мекемелерде екі қайтара «сынып және сыныптан тыс сағаттар» өткізілді. Сондай-ақ, 2016 жыл бойынша кіші және орта бизнес өкілдері арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тақырыптарында 12 форумдар өткізілді. Шараға жергілікті атқарушы және аумақтық мемлекеттік органдардың, «Атамекен» ұлттық палатасының облыстық филиалы, «Даму» кәсіпкерлерді қолдау қорының облыстық филиалы, бизнес қауымдастығы және бұқаралық ақпараттар құралы өкілдері қатысты. Шараны Департамент басшысының орынбасары- Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі Ә.С.Ермекқали өткізіліп отырған форумның мақсаты және міндеттерімен таныстыра отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа әдіс-тәсілдерімен және департамент тарапынан атқарылып жатырған жұмыстар туралы баяндамасымен ашты. Шара соңында Департамент өкілдерімен кәсіпкерлердің сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін себептер мен жағдайларды жоюға белсенді қатысуы керектігін айтып өтті. 2016 жылы Департаментпен кешенді шаралар өткізумен қатар, азаматтарды «Ашық келісімге» қосылу шаралары қарқынды жүргізілді. Қазіргі таңда, облыс бойынша 12 477 азаматқосылу актісіне қосылды. Әрбір жасақталған актілер бойынша мемлекеттік қызмет имиджін қалыптастыру және жұртшылықтың арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған бірлескен жобалар жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда, қосылғандардың арасында Қазақстан ұлттарының Ассамблеясы мүшелері, «Алтын шаңырақ» аналар кеңесі, Атырау іскер әйелдерінің өкілдері және өзге де қосылғандар.
Департамент Атырау облысы Білім беру басқармасымен бірлесе отырып, облыстағы барлық 176 (13 – бастауыш мектептер, 1- жоғары сынып оқушыларына арналған кешкі мектеп, түрме мекемелерінің жанындағы 2 мектепті қоспағанда) жалпы білім беру мекемелерінде 100% «Адал ұрпақ» клубтары ашылды. Клубтарда барлығы 2 821 оқушылар мүше. Сондай-ақ, 192 «Парасатты азамат» бұрыштары ілінді.
Сыртқы талдау бағыты бойынша: Департаментпен 2016 жылдың 12 айы бойынша 7 мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлық тәуекелін сыртқы талдау жүргізілді. Оның ішінде 5-уі Агенттіктің тапсырмасымен («Жер кадастрының ғылыми-өндірістік орталығы» Атырау филиалы, Атырау облысы бойынша қорғаныс департаменті, Атырау облыстық ішкі істер департаментінің Әкімшілік полиция басқармасы мен жергілікті полиция қызметі, Экология департаменті, аумақтық энергетика департаменті), 2-уі Департаменттің бастамасымен (Атырау қалалық білім бөлімі, Атырау облыстық ішкі істер департаменті) жүргізілген. Нәтижесімен 93 сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталып, олар бойынша 93 ұсыным берілді. Бүгінгі күнде берілген ұсынымдардың 59,1 % пайызы орындалды. Талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің көрінісі көп жағдайда мемлекеттік органдармен мемлекеттік көрсетілетін қызметте, нормативтік актілердің қарама-қайшылығы, мемлекеттік органдардағы ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде (кадр мәселесі, сыйақы беру және т.б.) орын алған.
Ішкі талдау бағыты бойынша: Есептік кезеңде мемлекеттік органдармен 187 ішкі талдау жүргізіліп, 68 сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды. Оның ішінде 19-ы облыстық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдармен, 33-і калалық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдармен және 16-ы аумақтағы орталық мемлекеттік органдардың бөлімдерімен.
Мониторинг бағыты бойынша: 2016 жылы мемлекеттік органдармен 50 сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізіліп, оның 16-сы интернет сайттарда орналастырылды. Департаментпен есептік кезеңнің қараша айында барлық мемлекеттік органдардың басшыларының қатысуымен ішкі талдау мен мониторингтің нормаларын түсіндіру туралы семинар-кеңес өткізіліп, шара соңында жұмысты жандандыру қажеттілігі айтылды.
 
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ БАҚЫЛАУ БАҒЫТЫ БОЙЫНША
2016 жылы Атырау облысыны Әдеп жөніндегі кеңесімен 8 отырысы өткізіліп, онда 38 сұрақ қарастырылған. Оның ішінде, сыбайлас – жемқорлық тәуекелдеріне талдау – 1, мемлекеттік қызмет саласындағы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заң талаптарын бұзуды алдын алу бойынша мемлекеттік органдардың жұмыс қорытындылары – 5, Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметі – 1, мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларының жұмыс қорытындылары – 6, тәртіптік істерді қарау – 17 және басқа да мәселелер – 8.
Атырау облысындағы Әдеп жөніндегі кеңестің ұсыныстары бойынша 16 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылса, оның ішінде Әдеп кодексі талаптарын бұзғандар -11, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік терісқылыққа жол бергендер – 5, қысқартылған тәртіптік іс- 1, орындалмаған ұсынымдар жоқ.
Бақылау қызметі бойынша: 2016 жылы 56 тексерулер жүргізіліп, олардың қорытындысымен 61 мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы бұзушылық анықталған. Тексерулер қорытындысымен мемлекеттік органдарға19 заң бұзушылықтарды жою жөнінде ұсыныстар беріліп, оның 17-і орындалған. Тәртіптік жауапкершілікке тартылғандар – 35 лауазымды тұлға, оның ішінде: қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту - 8, қатаң сөгіс - 3, сөгіс – 8, ескерту – 16.
Өтініштерді қарау: Есепті кезең ішінде Департаментпен 89 өтініш қаралып, олардың 37 шағым болып табылады. Олардың ішіндегі 24 өтініш Заң талаптарына сәйкес бағынысты өзге мемлекеттік органдарға шешім қабылдау үшін жолданса, өтініші иесінің өз еркімен қарауды қысқарту – 6.
Өтініш бойынша заңға сәйкес түсіндірме беру – 38, өз өкілеттігі шегінде қаралған өтініштер – 51, соның негізінде жүргізілген тексерулер – 52. Тәртіптік комиссия жұмыстарын үйлестіру бойынша: Атырау облысының тәртіптік комиссиялармен қаралған материалдар саны – 86, оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар саны – 1, қызметтік этика нормаларын бұзу – 4, қызметтік тәртіпті бұзу – 9, өзге заңнама нормаларын бұзу – 72. Тәртіптік комиссиялардың және өзге уәкілетті органдардың ұсынысы бойынша қолданылған тәртіптік жауапкершіліктер саны –106. Оның ішінде, қызметтік әдеп нормаларын бұзу – 17, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар саны – 8, өзге заңнама талаптарын бұзу – 81. Тәртіптік жауапкершілікке тартылғандар саны – 106, олардың ішінде басшы лауазымдағы тұлғалар саны – 44, өзге лауазымдағы тұлғалар саны – 62.
30.03.2017

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы құрылған мобильдік топтардың жұмыстары қарқынды түрде жасалып жатыр

Бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысының қатысумен құрылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру жөніндегі ақпараттық мобильді топ кезекті сапарға шықты. «Парасыз болашаққа. Бірге!» мобильді тобы жұмысын облыс орталығының ХҚКО-нан бастады. Мобильді топқа назар аударған қала тұрғындарына сыбайлас жемқорлық фактілеріне кезіккен жағдайда не істеу керек, қайда жүгіну қажеттігі туралы толыққанды, анық ақпарат жазылған шағын кітапшалар таратылды.
02.03.2017

"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне алғаш кірген мемлекеттік қызметшілерді қайтадаярлау курсы

Ағымдағы жылдың наурыз айының 2 - і күні "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне алғаш кірген мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курсы өткізілді. Оқытушы ретінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері  және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Ұзақбаев Нұржан Ғалымжанұлы қатысты.
02.03.2017

КЕЗЕКТЕН ТЫС X - шы СЕССИЯ

Атырау қалалық мәслихаты 2017 жылдың 1-наурыз күні қалалық әкімдіктің үлкен залында Атырау қалалық мәслихатының кезектен тыс X -cессиясын өткізді.
Сессияға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша Департаментінің басшысы Жұмағұлов Тоқтамыс Қадошұлы қатысты. Сессияда қала бюджетіндегі және құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі мәселелер талқыға салынды.
02.03.2017

КРУГЛЫЙ СТОЛ НА ТЕМУ: "РАЗВИТИЕ НУЛЕВОЙ ТЕРПИМОСТИ"

24 февраля текущего года в Департаменте чрезвычайных ситуации по Атырауской области проводился круглый стол на тему «Профилактика коррупции» с участием представителя Департамента Агентства государственной службы и противодействию коррупции по Атырауской области . Цель проведения мероприятия: развитие «нулевой терпимости» ко всем проявлениям коррупции.
В ходе мероприятии участники открыто проявляли свою гражданскую позицию.
01.03.2017

Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу шаралары тақырыбына арналған дөңгелек үстел

Ағымдағы жылдың 24 ақпаны күні Атырау облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаментінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің бас маманы Даулетова Любовь Қадырсихқызының қатысуымен сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу шаралары тақырыбына арналған дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел өткізудің мақсаты: бұл кез-келген жемқорлыққа төзбеушілік таныту.
28.02.2017

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары тақырыбына арналған семинар-кеңес

2017 жылдың 28 ақпанында, Атырау облысының мамандандарылған күзет қызметі басқармасында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары тақырыбына арналған семинар-кеңес өткізілді.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Жұмағұлов Тоқтамыс Қадошұлы қатысты.
28.02.2017

Встреча сотрудников управления Специализированной службы охраны Атырауской области с руководителем Департамента Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции по Атырауской области

28 февраля текущего года состоялась встреча сотрудников управления Специализированной службы охраны Атырауской области с руководителем Департамента Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции по Атырауской области.

28.02.2017

Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің 7 – ші әскери полиция бөлімінің қызметкерлеріне арналған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын алдын-алу бойынша семинар – кеңес

2017 жылдың 27ақпанында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Т.Қ.Жұмағұлов Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің 7 – ші әскери полиция бөлімінің қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын алдын-алу бойынша семинар – кеңес жүргізді.
28.02.2017

Cобрание с личным составом воинской части Пограничной службы КНБ РК при участии руководителя Департамента Т.К.Жумагулова

27 февраля т.г. руководитель Департамента Жумагулов Токтамыс Кадошевич провёл  семинар для личного состава воинской части  Пограничной службы КНБ РК.
Основная тематика семинара:  антикоррупционное законодательство, профилактика коррупционных правонарушений, уголовная и административная ответственность за них, а также формирование антикоррупционной культуры. В своём выступлении Т.К.Жумагулов отметил, что нашим главным предназначением является предупреждение коррупции.
24.02.2017

Разьяснительные работы касающиеся антикоррупционной культуры продолжаются

23 февраля текущего года в Управлении Ветеринарии по Атырауской области был проведён круглый стол с участием Представителя Департамента Агентства государственной службы и противодействию коррупции по Атырауской области Лукпановой Динары Нурлановны.
Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы