скрипт для АДГС

Стиль для галереи

You are here

Жаңалықтар

Атырау қаласы Нұрсая ы/а орналасқан Облыстық ІІД əкімшілік полиция басқармасының базасында Азаматтық Бақылау жобасы аясында "Қоғамдық омбудсмен" қабылдау қызметінің кезекті жұмысы 2017 жылдың 9 тамыз күні ұйымдастырылды. Мақсат: жолдағы жемқорлық деңгейін төмендету, болдырмау

"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалаудың әдістемесі бекітілді. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг кезінде ҚР МҚІЖСЖҚІҚА Атырау облысы бойынша департамент басшысының у.м.а  Руслан Тұңғышбаев мәлімдеді. Бүгінде аймақта 350 мемлекеттік орган қызмет етеді. Облыста мемлекеттік қызметшіпердің штаттық саны 3500,болса, қазіргі таңда нақты 3171 мемлекеттік қызметші жұмыс істеуде.

Атырау облысы ІІД Жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция полковнигі Оразбаев Нұрым Кенжебайұлы 2017 жылдың 17 тамыз күні сағат 16:00-17:00 аралығында қоғамдық қабылдау өткізеді.

Ағымдағы жылы тамыз айының11-13 күндеріАтырау облысы Мақат және Жылыой аудандарының мемлекеттік қызметшілеріне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Атырау облысы бойынша Департаментінің бас маманы Ғ.Кенженов «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарына арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын түсі

8 тамыз күні Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің «Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнында Атырау облысы бойынша «Мемсараптама» РМК Филиалының басшылығымен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің бас маманы Лұқпанова Динара Нұрланқыз

2017 жылғы 3 тамызда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттікте мүдделі мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің және бизнес қауымдастық өкілдерінің қатысуымен ветеринарлық және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау салаларында жүргізілген жұмыстың нәтижелерін қорытындылау бойынша бейнеконференцбайланыс арқылы кеңес өтті.

Бүгін сағат 16:00-ден 18:00-ге дейінгі уақытта мемлекеттік қызметті өткеру мәселесіне байланысты Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Қайненова Шолпан Айдынғалиқызы сіздерге жауап береді. Мемлекеттік қызметке тұру және мемлекеттік қызмет мәселесі жөнінде білгіңіз келетін сұрақтарыңыз болса, сұрақтарыңызды Facebook әлеуметтік желісі арқылы және upk.atyrau@mail.ru поштасына жібере аласыздар!

Бүгін Халыққа қызмет көрсету орталығында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік көрсетілетін кызметтер басқармасының ұйыдастыруымен және сыбайлас жемқорлыққа қарсы құрылған мобильді топтың қатысуымен азаматтарды қабылдау өткізілді. Азаматтарды қабылдау білім беру мәселелеріне байланысты болды.

2017 жылғы 2 тамызда сағат 15.00-ден 18.00-ге дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мәселелері бойынша интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Агенттік Төрағасының орынбасары А.Ж. Шпекбаев жауап беретін болады.

26.07.2017 күні Департамент басшылығымен өткізілген интернет-конференция барысында нақты режим уақытында азаматтардан 11 сұрақ келіп түсті. Сұрақтар желісі мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге, мемлекеттік қызмет саласына және сыбайлас жемқорлық мәселелеріне байланысты болды.

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы