скрипт для АДГС

Стиль для галереи

You are here

Жаңалықтар

09.06.2017 г.

Әдеп жөніндегі Кеңес отырысы өткізілді

2017 жылдың 07 маусымдағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментімен Атырау облысы әкімдігінің ғимаратында Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өткізілді. Іс-шараны Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы – Әдеп жөніндегі кеңес Төрағасы Жұмағұлов Тоқтамыс Қадошұлы ашты. Әдеп жөніндегі кеңес отырысының барысында 7 мәселе талқыланды. Атап айтсақ, Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясында мемлекттік қызмет саласындағы заңнамалардың сақталуына қатысты жүргізілген ішінара тексеру қорытындысы, Атырау облысы Ішкі істер департаментінің көші-қон полициясында және Атырау қалалық білім бөліміне мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамалардың сақталуына қатысты жүргізілген тексерудің нәтижелері, Атырау облысы бойынша Экология департаменентінің және Атырау қалалық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдау нәтижелері қаралды. Әдеп жөніндегі кеңестің отырысында Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясында жүргізілген тексеру нәтижесінде бірқатар мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамалардың талаптарының бұзушылықтары анықталғаны баяндалды. Алайда, Инспекцияның басшысы тексеру кезінде өз еркімен атқарып отырған лауазымынан босатылған. Анықталған заң бұзушылықтар бойынша Инспекцияның қазіргі басшылығына қызметтік тергеп-тексеру жүргізіп, бұзушылыққа жол берген лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қарау, бұзушылықтарды жою жөнінде ұсыным жолданды. Сонымен қатар, осы заң бұзушылықтар бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің басшылығына ұсыным жолданды. Сондай-ақ, Атырау қалалық білім бөлімінің басшысына және Атырау қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысына қатысты тәртіптік істер қаралды. Жеке кәсіпкерлердің өтініштерін қарау барысында ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының талаптарын сақтамай, ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің 5 тармағының 11 тармақшасының талабын бұзғаны үшін Әдеп жөніндегі кеңес шешімімен Атырау қалалық білім бөлімінің басшысына «сөгіс» түріндегі тәртіптік жаза қолдану туралы Атырау қаласының әкіміне ұсыным берілді.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы