скрипт для АДГС

Стиль для галереи

You are here

Жаңалықтар

09.06.2017 г.

«Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтардың профилактикасы және сот жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында соттарға және сот жүйесінің қызметкерлеріне ауданаралық және облыстық семинар-кеңес

Осы аптада «Азаматтық бақылау» әлеуметік жобасы аясында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің қолдауымен «Төртінші билік» қоғамдық бірлестігі сот жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру үшін «Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтардың профилактикасы және сот жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында соттарға және сот жүйесінің қызметкерлеріне ауданаралық және облыстық семинар-кеңес тақырыбында облыстық конференциясын ұйымдастырды.

Конференция мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттілікті арттыру барысында  басты проблемалар жолдарын талқылап, шешу. Конференция жұмысына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Бірінші медиа орталықтың Атырау облысы филиалы, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпы ұлттық «ЖАҢАРУ» қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігі Атырау облыстық филиалы, үкіметтік емес ұйымдар, жергілікті полиция қызметі, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты. Конференция барысында «Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтардың профилактикасы және сот жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында соттарға және сот жүйесінің қызметкерлеріне ауданаралық және облыстық семинар-кеңес , «Әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтауда автоматтандырылған жүйелерді қолдану» тақырыптарында баяндамалар оқылды. Конференция шеңберінде қатысушылар өз ұсыныстары мен пікірлерін білдірді.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы